Қазақстан Республикасының картасы
Қазақстан Республикасының жер аумағы
Аумағы:
2 724 902 км2
Елдің шығыстан батысқа қарай ұзындығы 2963 км, ал солтүстіктен оңтүстікке-1652 км.
Көршілер:
Солтүстік және батыста Ресеймен (шекараның ұзындығы — 7548,1 км), шығыста — Қытаймен (1782,8 км), оңтүстікте — Қырғызмен (1241,6 км), Өзбекстанмен (2351,4 км) және Түркмениямен (426 км) шектеседі. Құрлықтағы шекаралардың жалпы ұзындығы-13392,6 км.
Ірі көлдер: км²
1 Каспий теңізі 371000
2 Балқаш 16400
3 Арал теңізі 13900
4 Кіші Арал теңізі 3300
5 Алакөл 2200
6 Зайсан 1810
7 Теңіз 1590
Ірі өзендер:
Ертіс 4 248 км Қазақстан аумағы бойынша - 1 700 км
Есіл 2 450 км Қазақстан аумағы бойынша - 1 400 км
Жайық 2 428 км Қазақстан аумағы бойынша-1 082 км
Сырдария 2 219 км Қазақстан аумағы бойынша-1 400 км
Тобыл 1 591 км Қазақстан аумағы бойынша-800 км
Шу 1 439 км Қазақстан аумағы бойынша-815 км
Іле 1 186 км Қазақстан аумағы бойынша 800 км.