Home /  / Contact / Sitemap / Glossary

"Қазақстан Темір Жолы"АҚ

https://www.railways.kz

"Қазақстан Темір Жолы"АҚ көліктің барлық түрлерінің терминалдық және магистральдық инфрақұрылымымен жұмыс істейтін ұлттық көлік-логистикалық холдинг, жүктер мен жолаушылардың Ұлттық темір жол тасымалдаушысы болып табылады, теңіз тасымалдарын жүзеге асырады.

2011 жылы ҚР Президенті Н.А. Назарбаев Азия мен Еуропа арасындағы байланыстырушы негізгі буын ретінде Қазақстанның рөлін қалпына келтіру және жаңа Жібек жолын жаңғырту бойынша міндет қойды.

Алға қойылған міндеттерді Іске асыру шеңберінде, "Қазақстан темір жолы"  АҚ еліміздің көліктік-логистикалық кешендерінде белсенді жұмыс жүргізілуде.

Міндеттерді Іске асыру үшін инфрақұрылымды дамыту, шекаралардан өтуге байланысты физикалық және физикалық емес кедергілерді азайту жөнінде шаралар қабылданды.

Мәселен, 2008 жылдан бастап Қазақстанның көлік-логистикалық активтерін жаңартуға 30 млрд. жуық АҚШ доллары инвестицияланды, 2,5 мың жаңа темір жол желісі салынды, 6,3 мың км автомобиль жолдары қайта жаңартылды, жылжымалы құрам жаңартылды, шекара маңындағы темір жол станцияларының өткізу қабілеті ұлғайтылды, терминалдық және порттық инфрақұрылым дамуда.Қытаймен шекаралас Алтынкөл/Достық темір жол станцияларында логистикалық инфрақұрылымның өткізу қабілеті 40 млн.тоннаға дейін артты. 

Ляньюньгань портындағы Терминал

2014 жылы іске қосылған, қазіргі заманғы инфрақұрылыммен және техникамен жабдықталған Ляньюньган портындағы қазақстан-қытай терминалы Трансконтинентальдық сервисті қалыптастырудағы базалық нүкте болды. Бүгінде бұл терминал 200 мыңнан астам ДФЭ, оның ішінде Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің экспорттық және импорттық жүктерін өңдейді. 2020 жылға қарай ауыстырып тиеу көлемі 500 мың ДФЭ-ге дейін ұлғаяды.

 

TЛО Желісі

Контейнерлік трафиктің өсуін қамтамасыз ету мақсатында Біз Қазақстанның ішінде де, одан тыс жерлерде де қазіргі заманғы көпфункционалды көлік-логистикалық орталықтар желісін қалыптастырудамыз.

Астана және Шымкент қалаларында ТЛО іске қосылды. Биыл Ақтөбеде кедендік рәсімдеу аймағы бар ТЛО құрылысын бастау жоспарлануда.

 

Каспийдегі порттық Инфрақұрылым

Каспий "Шығыс-Батыс" және "Солтүстік-Оңтүстік"бағыттарындағы мультимодальды трансконтиненталь тасымалдарының негізгі буыны болып табылады. Болжам бойынша Қытайдан Кавказ және Түркия елдеріне Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалдаудың әлеуетті көлемі 2020 жылға дейін 300 мың ДФЭ құрайды.

Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту аясында 3 терминалдық нысан пайдалануға берілді. Нәтижесінде порттың өткізу қабілеті жылына 19,5 млн. тоннаға дейін артты, бұл бас жүктерді ауыстырып тиеу үшін қуатты 2 есе арттыруға мүмкіндік берді (1,5 млн. тоннадан 3,0 млн. тоннаға дейін), астық бойынша - 3 есе (0,6 млн. тоннадан 2,1 млн. тоннаға дейін). Құрық портында қуаты 4 млн. тонна темір жол паром терминалы және қуаты 2 млн. тонна автомобиль өткелі пайдалануға берілді,бұл Каспийдің порттық қуаттарын жылына 25 млн. тоннаға дейін кеңейтуді қамтамасыз етті.

Контейнерлік Поездар

Сапалы көліктік-логистикалық инфрақұрылым, бәсекеге қабілетті тарифтік мөлшерлемелер, физикалық емес кедергілерді жою жөніндегі тұрақты жұмыс, клиенттерге кастомизацияланған көзқарас – осы факторлардың барлығы трансказахстан дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігін және тасымалдау көлемінің өсуін қамтамасыз етеді. 2017 жылы Қытайдан Еуропаға транзиттік тасымалдар көлемінің 2011 жылғы деңгейге қарағанда 200 есе өсуіне қол жеткізілді.

Бұл ретте Қытай – Еуропа – Қытай бағытында жыл сайын тасымалданған контейнерлер санының екі есе артуы қамтамасыз етіледі (2015 жылы – 47,4 мың конт. 2016 жылы-104,6 мың конт. 2017 жылы-201 мың конт., 9 ай 2018 ж.203 мың конт.). Қытайдың 17 провинциясында, Вьетнамда, Кореяда, Еуропа мен Парсы шығанағында сату ұйымдастырылды.

"Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА»

 Қытайдан Еуропа мен Орталық Азия елдеріне баратын барлық жүк ағыны Қытаймен шығыс шекарасындағы "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА-да шоғырландырылады.

"Қорғас – Шығыс қақпасы трансконтинентальды мультимодальды тасымалдар жүйесінде өзінің мәні бойынша Суэц каналына ұқсас стратегиялық рөл атқарады.

"Қорғас-Шығыс қақпасы "АЭА аумағындағы Алтынкөл/Достық шекаралық темір жол станцияларында және құрғақ портта Еуропа, Еуразиялық Одақ, Орталық Азия, Парсы шығанағы, Кавказ/Түркия елдеріне бағыттар бойынша одан әрі жүру үшін қайта бөлінеді.

2020 жылға қарай "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА арқылы жүк ағынын 10 млн.тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.