ТМТМ
Транскаспий дәлізін дамыту мақсатында Қытай, Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Украина темір жол және теңіз әкімшіліктерінің қатысуымен "Транскаспий халықаралық көлік бағыты" Халықаралық қауымдастығы құрылды.
Дамыған порт инфрақұрылымы, бірыңғай тасымалдау технологиясы және тиімді тарифтік саясат Транскаспий бағыты бойынша сапалы контейнерлік сервис құруға ықпал етті. 2020 жылға қарай маршруттың әлеуеті 300 мың контейнерге дейін бағаланады.
"ТМТМ" Халықаралық ассоциациясы – бұл ТМТМ-да орналасқан бірқатар елдер мен компаниялардың мүдделерін біріктіретін және білдіретін, сол арқылы тарихи Ұлы Жібек жолының бағытын жаңғыртатын ұйым.
"ТМТМ" халықаралық қауымдастығы қажетті ақпараттық қолдауды қамтамасыз ете отырып, Азиядан Еуропаға және кері бағытта жүк тасымалдау процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылын үйлестіруге бағытталған.
"ТМТМ" халықаралық қауымдастығы әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге, бәсекелестік ортаны құруға және әртүрлі елдерден, соның ішінде тікелей ТМТМ-да географиялық орналаспаған компаниялар үшін барынша тиімділікті қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Мақсаты:
1) Транзиттік және сыртқы жүктерді тарту;
2) Интеграцияланған логистикалық өнімдерді дамыту;
3) Тасымалдау процесінің бірыңғай технологиясын жетілдіруді құру;
4) Басқа бағыттармен салыстырғанда бәсекеге тиімді тарифтік саясатты қалыптастыру;
5) Шығындарды оңтайландыру;
6) Әкімшілік кедергілерді азайту.